24-05-24 |
17080 рет қаралған
Ақтөбеде пайдалы қазбалар заңсыз өндірілген.
Ақтөбеде пайдалы қазбалар заңсыз өндірілген

Ақтөбе облысында табиғатты қорғау прокуратурасының бастамасымен уәкілетті орган кең таралған пайдалы қазбаларды өз бетінше өндіргені үшін жер қойнауын пайдаланушылардан келтірілген залалды өндіру бойынша жұмыс жүргізді.

Прокуратураның тапсырмасы бойынша Индустриалды-инновациялық даму басқармасы жерүсті маркшейдерлік зерттеулер жүргізіп, нәтижесінде кәсіпорындардың өздеріне бөлінген аумақтардан тыс жерлерде пайдалы қазбаларды өндірудің 18 фактісін анықтады.

Қабылданған шаралар бойынша 3 кәсіпорын жалпы сомасы 2 миллион теңгеге жуық шығынды өз еркімен өтеді.

Қазіргі таңда 4 кәсіпорынға 10 миллион теңгеден астам шығынды өндіру туралы сот шешімдері қабылданды.

11 компанияға жалпы сомасы 500 миллион теңгеден астам шығынды өтеу бойынша сот процестері жалғасуда.

Жер қойнауын пайдалану мәселелері прокуратураның бақылауында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.