2023 жылы «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және цифрлық технологиялар орталығы» КММ (бұдан әрі – Орталық) мен серіктестіктердің бірі арасында Ақтөбе қаласының жолдарында жалпы сомасы 213,3 млн теңгеге жол белгілерін орнату туралы шарт жасалған.
Шарт бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін Орталықпен көрсетілген сома толығымен төлеген.
Шарттың талаптарына сәйкес 3 айдың кепілдік мерзімі ішінде серіктестік бұзылған белгілерді өз есебінен қалпына келтіруге міндетті.
Алайда, тексеру барысында Орталықпен кепіл мерзімі ішінде бұзылған белгілерді қалпына келтіргені үшін серіктестікке жалпы сомасы 45,5 млн. теңгеге бюджет қаражаты заңсыз аударылғаны анықталды.
Ақтөбе қаласының прокуратурасы жоғарыда айтылғандарды негізінде, ҚК-тің 361-бабының 1-бөлігі (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.
Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу және процестік шешім қабылдау үшін Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.