Алматы прокуратурасы құны 2,6 млрд теңге болатын «Баспалар үйі» АҚ 100% акциясын мемлекет меншігіне қайтарғандарын мәлімдеді.
Алмалы ауданының прокуратурасы «Баспалар үйі» («Баспа үйі») АҚ акцияларының 100 пайызын мемлекет меншігіне қайтаруды қамтамасыз етті.
2016 жылы бұрын ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне тиесілі құны 2,6 млрд теңге акцияларды жеке тұлға арзандатылған бағамен заңсыз жекешелендіріп алған. Бұл кезде Арыстанбек Мухамедиұлы аталған министрлікті басқарып тұрған.
Orda.kz сайтының жазуынша, 2016 жылы нысан жеке адамдарға бар болғаны 343 миллион теңгеге сатылып кеткен. Бұдан да маңыздысы бұл ғимаратта бомбаға қарсы баспана орналасқан, сондықтан оны жекенің меншігіне беру заңсыз болған. Құнды нысан қалайша кәсіпкерлердің қолына өтіп кеткен?
Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында прокуратура мәмілені жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арыз берді.
Апелляциялық сатының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың прокуратураның талап қою талаптарын қанағаттандыру туралы шешімі өзгеріссіз қалдырылды және заңды күшіне енді.
Фото: primeminister.kz