arasha.kz

«Asar Baspana» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

Тұтыну кооперативінің атын жамылған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының заңсыз қызметі тоқтатылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Агенттік Бас прокуратураның үйлестіруімен 8-10 ақпан аралығында еліміздің барлық өңірлерінде кең ауқымды операция жүргізген.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар салымшыларға жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын, сондай-ақ тұрмыстық өнімдерді (биологиялық белсенді қоспалар, ас үй ыдыстары, косметика, тұрмыстық химия және басқа да тауарлар) сатып алу үшін қаражат салуды ұсынған, ал қарымына ай сайын салынған соманың 30% – на дейін пайда табуға уәде берген.

«Компаниялардың кеңселерінде және күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту барысында 1,2 млрд теңгеден астам сомада қолма-қол ақша және  ішінде премиум класты көліктер бар 13 автомашина тәркіленді», – делінген хабарламада.

 Екі қаржылық пирамида ұйымдастырушы ұсталып, оларға қатысты сот екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі іс-шара санкциялады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Exit mobile version