Астанан атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне қарсы пікір айтқаны үшін оқудан шығарылған студент Дамир Молдағүл қайтадан оқуға қабылданды. Бұл туралы azatnews-тің 16-сәуірдегі кешкі шығарылымында айтылды.
Студенттің Астана атауының ауысуына қатысты өз пікірін айтқаны үшін оқудан шығарылғаны әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, бұл іске білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова да араласып, пікір білдірген еді. Ақыры, Алматы қаласы әкімшілігі колледж басшылығына шығып, студент оқуға қайта қабылданды.
azatnews-ке сұхбат берген Дамирдің анасы 22-наурыз күні қала орталығына мерекелік концерт көруге барғандарын айтады. Сөйтіп, жиналған адамдарды көріп, қызықтап барған. Сол жерде Дамир «Мен де сөйлейінші» деп Астана атауының Нұр-Сұлтан болып өзгеруіне қарсы пікірін айтқан. Оны сол жерде полиция ұстап алып кеткен. Дамирдің айтуынша, пікір айтқаны үшін оқиға осылайша өрбиді деп ойламаған.