17-04-24 |
3650 рет қаралған
Астанада есікті теуіп сындырған вандалдар жазаланды.
Астанада есікті теуіп сындырған вандалдар жазаланды

Астанада вандализмнің кез келген жағдайымен белсенді күрес жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары тағы екі құқық бұзушыны анықтап, жазалады.

14 сәуір күні таңғы сағат 3:40-та 43 жастағы ер адам мас күйінде Қонаев көшесінде орналасқан банк бөлімшесіне кіретін есіктің әйнегін сындырған. Оның жеке басы анықталып, 20 АЕК айыппұл салынды.

Тағы бір жағдайда, 11 сәуірде таңғы сағат 6 шамасында 35 жастағы ер адам Бөгенбай батыр даңғылындағы жылы аялдаманың есігін сындырды. Ол да мас болған, 15 күнге қамауға алынды.

Жыл басынан бері сот бөтеннің мүлкін қасақана сындырғаны, жалпы пайдалану орындарын ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін 100-ге жуық адам жазаланды. Олардың бәрі жауапқа тартылды.

Айта кетейік, Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, ҮЕҰ өкілдері, қала тұрғындары қолдаған «Тоқта, вандал» акциясы жүріп жатыр. Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау және қала мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген жағдайын болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау. Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.