Әлеуметтік желіде белгісіз адамның көше тазалаушыға тап беріп, жағасынан алған видеосы тарады.
Астана қаласының Полиция департаменті оқиғаға түсінік берді. Оқиға Кенен Әзірбаев көшесінде орын алған.
«Әлеуметтік желіде жүргізілген мониторинг барысында жүргізуші мен жұмысшы арасындағы жанжалдың бейнежазбасы анықталды. Полиция қызметкерлері төбелескендердің кім екенін анықтады. Осы дерек бойынша жұмысшыдан шара қолданбағаны туралы арыз түсті. Профилактикалық әңгіме жүргізілді», – делінген хабарламада.