15-03-24 |
10640 рет қаралған
Астанада қаржы пирамидасының басшылары сотталды.
Астанада қаржы пирамидасының басшылары сотталды

«Best Road Investment» қаржы пирамидасының басшылары мен менеджері сотталды. Сотта мемлекеттік айыптаушы қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысы мен менеджерінің кінәсін дәлелдеді.

Пирамиданың мәніне сәйкес, «Shanyrak Plus» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу үшін 103 АҚШ долларын сала отырып  артынан екі салымшыны тартып және олардың әрқайсысы өсу тәртібімен тағы екі салымшы шақыруы тиіс, осылайша иерархиялық құрылымда деңгейлер құру болып табылады.

Компания қызметінің барлық кезеңінде, яғни 2020 жылдың қазанынан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін «Shanyrak Plus» бағдарламасы бойынша 45 салымшының ешқайсысы қажетті табыс, сондай-ақ тұрғын үй алмаған және жалпы залал сомасы 107 млн. теңгеден астам қаражатты құраған.

Сот үкімімен 7 жылға дейін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, ұйымдастырушылардың әрқайсысы 6 жылға, сыбайласы 5 жыл 6 айға  бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Келтірілген шығын сотталғандардан өндірілді.

Қала прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұйымдарға жарна салудан бас тартуға шақырады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.