08-01-24 |
26110 рет қаралған
Астанада құрылыс компаниялары тергеліп жатыр.
Астанада құрылыс компаниялары тергеліп жатыр

Қылмыстық қудалау органы 10 көппәтерлі тұрғын үй кешендері бойынша жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 7 қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Қылмыстық істердің тергеу барысы бақылауда. Тергеу органы іске қатысы бар барлық адамдарды және олардың мүлкін анықтауға бағытталған. 7 адамға, соның ішінде құрылыс компаниялардың 3 басшысына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – деп хабарлады Астана қаласының прокуратурасы.

Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының көмегімен іс бойынша негізгі фигуранттардың бірі Мәскеу қаласының аумағында ұсталды.

Ол 5 млрд теңгеден астам залал келтіргені үшін күдікке ілінді.

Бүгінгі таңда Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция негізінде күдіктіні ұстап беру туралы өтінішті қанағаттандырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.