Атырауда аузына келгенін көкіп, былапын сөздер айтқан кафе кассиріне айыппұл салынды. Бұл туралы Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Атырау қаласының әуежайында «Manоr» кафесінің кассирі бір әйелге былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Осылайша ұсақ бұзақылық жасап, айналасындағыларға сый-құрметпен қарамаған.
Осыған байланысты, Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) кафе кассиріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта бұзақылық жасаған адамның кінәсі дәлелденді, оны өзі мойындады.
«Сотта құқықбұзушыға әкімшілік жаза қолдануда оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын мойындап, әрекетіне өкінуі ескерілді. Оны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ», – делінген хабарламада.
Сот қаулысымен әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 51 мың 688 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
25.11.2024
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024