09-09-24 |
4380 рет қаралған
Бір көзден заңсыз келісім-шарттар жасаған шенеуніктер анықталды.
Бір көзден заңсыз келісім-шарттар жасаған шенеуніктер анықталды

ШҚО прокуратура органдары төтенше жағдайлардың салдарын оқшаулау және жою үшін мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасудың заңдылығын талдау кезінде 1,4 млрд теңге сомасына заңсыз жасалған 78 келісім-шарт анықтады.

Осы шарттарды жасау кезеңінде төтенше жағдай жарияланбағаны, тиісінше, бір көзден шарттар жасасуға негіз болмағаны анықталған.

Атап айтқанда, ЖАО қарды шығару, әкімшілік ғимараттарды ағымдағы жөндеу, мұздан тазартатын реагенттер және т.б. тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алды.

Қолданыстағы заңнамада көзделмеген жағдайларда тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырғаны үшін лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бүгінгі күнге дейін шенеуніктер 14 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.