Бір күн бұрын сот олардың Сауда министрлігіне қарсы кезекті талабын қанағаттандырудан бас тартты. Саясаттанушы Қазбек Бейсебаевтың айтуынша, бір топ азамат сотқа шағым түсіріп, бірыңғай уақыт белдеуін жою туралы өтініш бойынша шешімнің күшін жоюды талап еткен.
«Бар болғаны екі отырыс болды, 9 қазанда біздің талап арызды қараудан бас тартты. Сотта бізге Сауда және интеграция министрлігі өтінішті қараудан бас тартқаны дұрыс болды – бұл жерде ешқандай заң бұзушылықтар жоқ дегенді айтты», – деді Қазбек Бейсебаев.
Дегенмен, Бейсебаевтың айтуынша, бір уақыт белдеуінің қарсыластары мұнымен тоқтап қалмақ емес.
«Заңға сәйкес, белгілі бір уақыттан кейін Конституциялық сотқа шағымдануға құқығымыз бар. Шығарылған шешімді заңсыз, құқығымызды бұзды деп есептеп, Конституциялық сотқа шағымданамыз. Бұған қоса, БҰҰ жанындағы құқық қорғау құрылымдарына шағымдануға қақымыз бар. Оларға да үндеу жолдауды көздеп отырмыз», – дейді саясаттанушы.
Бұған дейін сот Астана тұрғынының шағымын қанағаттандырмады, ол да бір уақыт белдеуін жою туралы өтінішті қараудан бас тарту туралы шешімге шағымданбақ.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024