13-07-21 |
1680 рет қаралған
Біртанов өзіне қатысты сот ісін көп халықтың бақылып жүргенін айтты.
Біртанов өзіне қатысты сот ісін көп халықтың бақылып жүргенін айтты

Экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты тағы бір сот отырысы кейінге шегерілді. Нұр-Сұлтанда онлайн өтіп жатқан сот отырысына қаржы мониторинг агенттігі өкілінің өтініші қаралуы керек еді. Бірақ Біртанов адвокатының ауырып қалуына байланысты сотты кейінге қалдыруды өтінді.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Біртанов сот отырысын кейінге қалдыруды сұрады. Себебі оның адвокаттарының бірі денсаулығының сыр беруіне байланысты ем алып жатыр. Ал өзі мен басқа адвокаттар бүгінге белгіленген сот отырысы жайлы тек бірнеше сағат бұрын естіген. Сондықтан процеске дайындалып үлгермеген.

Экс министрдің адвокаттары оның өтінішін қолдады. Алайда судья бүгін прокурор нұсқасын, ал алдағы сәрсенбіде Біртанов пен оның адвокаттарын тыңдауды ұсынды. Бұл ұсынысқа Біртанов келіскен жоқ. 

«Мұнда БАҚ өкілдері отырғандықтан, мен процесті екіге бөлмей, сәрсенбі күні прокурордың да, біздің де нұсқаны тыңдауды сұраймын. Әйтпеген жағдайда, бүгін БАҚ беттерінде тек айыптау нұсқасы ғана жарық көреді. Ол жай ғана нұсқа болса да, халыққа айыптау ретінде жетуі мүмкін. Бұл істі бақылап жүрген оқырмандар көп болғандықтан, олар мәселе тергеу соты мен бұлтартпау шарасы жайлы екенін түсінбейді. Олар маған айып тағылып қойды деп санайды», – деді бұрынғы министр.

Судья Біртановпен келісіп, сот отырысын 14 шілде сағат 09:15- ке ауыстырды. 

Айта кетсек, қаржылық мониторинг агенттігі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын мәлімдеген. Біртанов пен Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жарамсыз ақпараттандыру Платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген айып тағылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.