27-06-24 |
29900 рет қаралған
Балабақша басшысы ірі көлемде қаражы жымқырғаны үшін сотталды.
Балабақша басшысы ірі көлемде қаражы жымқырғаны үшін сотталды

Тараз қаласында «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығымен мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 12 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырылған. Бұл туралы прокуратура мәлімдеді.

Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған.

«Алаяқтық фактісі бойынша қала прокуратурасымен қылмыстық іс тіркеліп, оны тергелуі Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды», – делінген хабарламада.

Тараз қаласының №2 сотының 14.06.2024 жылғы үкімімен балабақша басшысы тәрбие/оқыту қызметін көрсететін кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып,  4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.