28-08-24 |
14610 рет қаралған
Балабақшалар қатыспайтын балалар үшін мемлекеттен ақша алып отырған.
Балабақшалар қатыспайтын балалар үшін мемлекеттен ақша алып отырған

Маңғыстау прокурорлары бала бақшаларда бір қатар бұзушылықтар анықтағанын мәлімдеді.

Бала бақшаға тексеріс юүргізу нәтижесінде санитарлық нормалар, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, білім беру және медициналық қызмет салаларында бұзушылықтар анықталған.

Қазіргі уақытта аяқталған тексерулер бойынша 600-ге жуық әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Сондай-ақ, тексеру нәтижесімен 15 бала бақшадан (3 мемлекеттік, 12 жеке меншік бала бақша) 72,2 млн теңгеге мемлекетке залал келтіру дерегі анықталған.

«12 жеке меншік бала бақшада қатыспаған балалар үшін негізсіз мемлекеттен 47 млн теңге көлемінде қаражат алған. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, 3 мемлекеттік бала бақшаның есепшілерімен 25 млн теңгеге қаражатты жымқыру дерегі анықталып, ҚК-тің 189-бабымен (жымқыру) 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.