09-08-21 |
1700 рет қаралған
Балқаш көлінің тағдыры үшін қытайға алақан жаюға мәжбүрміз.
Балқаш көлінің тағдыры үшін қытайға алақан жаюға мәжбүрміз

Балқаш көлі Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін. Экологтар мен қоғам белсенділері дабыл қақты. Бұл туралы 24 kz хабарлайды.

Алматыда экология министрлігі ұйымдастырған онлайн басқосуда ғалымдар, қоғам белсенділері мен жергілікті билік өкілдері Балқаштың жағдайы туралы мәселе қозғады. 

Балқаш көлі Каспий мен Аралдан кейінгі ірі су айлағы саналады. 18 мың шаршы шақырым аумаққа жайылған көлдің Жетісудың ауа райы мен экологиясы үшін орны орасан.

Сондықтан да Балқаш көлінің болашағы адамдарды бүгіннен алаңдатып отыр.

Өйткені өңірдегі су ресурстарының азаюы аталған көл үшін өте қауіпті. Көл деңгейінің өзгеруі бірінші рет емес, өткен ғасырдың 70-80 жылдары да құбылыстар  байқалған.

  • “Бізде 70-80 пайыз суармалы егіншілікте пайдаланамыз аймақта, егер осы салада тиімділікті өсіретін болсақ дәл осы пайдаланып отырған алқаптарды қысқартпай-ақ біз сол суларды 30-40 пайызға үнемдеуге мүмкіндігіміз бар. Басты мақсат, әрине, экологиялық маңызды бізге Балқаш көлінің онымен бірге Іле өзенінің атырауын жалпы сақтау, табиғи жүйені сақтау, оның экологиялық функциясына сақтау”, – дейді география және су қауіпсіздігі институты басқарма төрағасының орынбасары Саят Әлімқұлов. 

Экология министрлігі отандық ғылыми мекемелермен бірлесе отырып, Балқаш көлінің деңгейін көтеру, тұрақтандыру бағдарламасын жасауда. Басты мақсат Іле өзенін тиімді пайдалану, өзеннің бастауына иелік ететін Қытай елімен бірлескен келісімшарт жасау туралы айтылды. Оған қоса көлдің деңгейі терең зерттеуді талап етеді.

Біздің көлдің деңгейін қалыпта ұстау үшін Қытай елі үлкен маңызға ие. Сондықтан көрші елмен трансшекаралық аймақ мәселесі талқыланып, үлкен нәтижеге жеттік. Қытай үкіметі Балқаш көлінің экологияға әсері жоғары екенін мойындады. Олар да шекараға жақын аумақта экологиялық апат болғанын қаламайды”, – деді экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Серік Қожаниязов.

Трансшекаралық аймақтағы суды бөлісу мәселесі алты жылдан бері айтылып келеді. Өйткені Іле өзені арқылы келетін су деңгейін тұрақтандыру Балқаш көлін сақтап қалудың бір жолы. Сондықтан келісімшарт бірінші қарекет болмақ. Сондай-ақ ауылшаруашылығына қажетті суды тиімді пайдалану мәселесі кейінге қалдырылмауы тиіс.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.