Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл тұралы антикор төрағасының көмекшісі, ресми өкіл Данияр Биғайдаров айтты.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитетінің төрағасына және басқа да тұлғаларға қатысты агенттік сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Олар компания қызметіне жалпы қамқорлық жасау үшін 2021-2024 жылдар аралығында шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді. Тергеу соты күдіктіге қатысты электронды білезікті пайдаланып үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – деді Биғайдаров.
Биғайдаровтың айтуынша, күдікті өз кінәсін толық мойындап, қазір тергеуге көмектесуде.