Алматы облысында жол салып жатқан Қытай компаниясындағы қытай жұмысшылары мен жергілікті жұмысшы арасындағы төбелестен кейінгі дауға қоғам белсенділері және азаматтық ұйымдар араласып жатыр. Өткенде бір топ белсенді төбелестен соң тұтқындалып, қамауда жатқан Алматы облысы Қызылағаш ауылының азаматтарына араша сұрап облыс әкімшілігіне барған. Бұл туралы қоғам белсендісі Ырысбек Тоқтасын фейсбук парақшасына жазды.
«Алматы облысы Қызылағаш елді мекені маңында болған қытай жұмысшылары мен қазақ жігіттері арасындағы қақтығыс себебінен 5 қазақ азаматының қамауға алынуына байланысты, 15 қазан 2019ж Алматыдан халық құрылтайы алқасынан журналист Рысбек Сәрсенбайұлы және Ел аманаты қоғамдық бірлестігі, Бақылаушылар қоғамдық бірлестігі, ұлт жанашырлары тобы, азаматтық белсенділер, сонымен бірге қамалған азаматтардың туыстары Талдықорған қаласына облыстық әкімдік ғимаратына барып, қамауда жатқан 5 қазақ азаматына араша сұрадық. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Тұрлашов Ләззат мырза жиналған жұртты қабылдап сұрақтарымызға жауап берді. Әкім орынбасарының айтуынша заңсыз жұмыс істеген 68 Қытай азаматын елден шығарған. Біз әкім мырзадан сіздер осыншама заңсыз жұмыскерлерді осы уақытқа дейін қалай байқамадыңыздар, заң бұзғандарды шекарадан шығарумен ғана шектелдіңіздер ме, айыппұл салмадыңыздар ма, заңсыз жұмыскерлер істеткен қытайлық компанияға айыппұл салмадыңыздар ма деген сұрағымызға, әкім орынбасары жұмыстың тез жүруі үшін, лицензия алуға көп уақыт кетеді, сол үшін кей жағдайда қытайлық жұмысшылардың лицензиясыз жұмыс істеуіне көз жұма қарадық дегенге саятын жауап естідік және жұмыс беруші қытайлық компанияға тек ескерту берумен шектелдік дейді. Сонда деймін, біздің шенділердің өзі өз заңымызды белшеден басып, заңсыздықты көре тұра көрмеске салса, қытайлар қайдан біздің заңымызды менсінсін. Осындай заңсыздықтың кесірінен қытайлық жұмысшылар алуы тиіс болған, бірақ алмаған, лицензия алу кезінде бюджетке төленуі тиіс қаншама қаражаттан ел бюджеті қағылды?!
Егер осы төбелес туылмаған жағыдайда осыншама заңсыздықтың беті ашылмас еді.
Төбелесті бастап ұймдастырған қытайлық үш азаматты қазақ азаматына жеңіл дене жарақатын салды деп, оларға тек әкімшілік жаза тағайындап 10 тәулікке қамау туралы шешім шығарған. Бұл үш қытайдың екеуі ҚР заңсыз жұмыс жасап жүргендер екен, яғни туристік визамен келіп жұмыс жасаған. 10 тәулік аяқталған соң бұларды еліне қайтарамыз дейді.
Бұл неткен жеңіл жаза, мұндай болғанда біздің заңымыз бойынша адамға дене жарақатын салмай ұрып-соқсаңыз тек 10 тәулік қамалып шығады екенсіз. Меніңше бұл жерде іс, дене жарақатын салу салмауда болмауы керек, топтасып қоғамдық тәртіпті бұзу, топтасып адам ұру болса керек.
Ал қытайлар тарапынан жабылып бір қазақ азаматын соққыға жыққан уақиғаны естіген қазақтың намысты бес жігіті он шақты қытай азаматымен қақтығысқан. Соның салдарынан қытайлық бірнеше азамат ауыр дене жарақатын алды деп, қазақтың бес жігітін уақытша ұстау орнына қамап, үстілерінен қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы(196-бап2-тармағы, 293-бап 3-тармағы) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Және үш полиция қызысеткерінің үстінен де іс қозғалған төбелес кезінде еш әрекет етпеген деп.
Міне енді өздеріңіз бағамдай беріңіздер.
Инвесторларды қорғау керек деген бір кісінің тапсырмасы болар.
Жұмыс орнындағы қытайлар мен қазақтардың еңбек ақысы мен тамақтану кезіндегі айырмашылығы туралы айтар сөз көп. Обылс әкімі орынбасарларының төрағалымен құрылған комиссияның құрамына азаматтық қоғам өкілдері мен белсенділерді де кіргізу туралы Ел аманаты қоғамдық бірлестігінің өтініші қанағаттандырылып, алдағы уақытта комиссия құрамында бірнеше қоғамдық бірлестік өкілдері қытайлық компанядағы жұмыс барысын қадағалайтын болдық.
Басқа бір мақсатты емес, елдің намысын аяққа таптатпаймыз деп жүріп ұшыққа ілініп қалған қазақ азаматтарының тезірек бостандыққа шығуын тілеймен!
Президент Қ.Тоқаев мырзадан осы іске байланысты азаматтарға кешірім жасауын сұраймын! Және елімізде жұмыс жасап жатқан барлық қытайлық компанияларға тексеріс жүргізуін сұраймын! Себебі ол жерлерде де туристік визамен келіп, заңсыз жұмыс істеп жүрген қытайлар болуы бек мүмкін», – деп жазады Ырысбек Тоқтасын.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
20.12.2024