arasha.kz

Бас прокуратура 10 млрд теңге бюджет қаражатын өндірді

В Туркестанской области бывший аудитор признана виновной в сокрытии хищения бюджетных средств на сумму 63,5 млн тенге

Бас прокуратура мемлекеттік сатып алу және бюджет қаражатын жұмсау саласында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы баяндады.

«2023 жылы жоспарлаудан бастап тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді қабылдауға дейінгі кезеңдерде барлығы 2,5 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды. Олар бойынша 1,4 мың қадағалау актісі енгізілді. Қабылданған шаралар арқылы мемлекет кірісіне 10 млрд теңге өндірілді», – делінген ведомство хабарламасында.

Мысалы, Жамбыл облысының Тараз қаласында жылу магистралін реконструкциялау конкурсы бойынша әлеуетті өнім берушілерге негізсіз талаптар белгіленгені анықталды.

Ақмола облысында жекелеген аудандық әкімдіктер жобалық сметалық құжаттаманы әзірлемей блоктық-модульдік қазандықтарды сатып алуға ниетті.

Заңсыз конкурстардың күші жойылып, заңнама талаптарына сәйкес өткізілді.

«Осы облыста арнайы прокурорлар «Жайлау Сити» тұрғын үй құрылыс кооперативі және «Құрылтай» көппәтерлі тұрғын үй кешенін сыртқы электрмен жабдықтау желілерін салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді.

30.10.2023ж. Целиноград ауданы Құрылыс бөлімінің басшысы С. және «Еңбек-Аршалы» ШЖҚ РМК директоры А. 7 және 8 жылға тиісінше бас бостандығынан айырылды, «Астана ЭлектроСтройКомплект» ЖШС директоры С. – 7 жылға шартты түрде сотталды», – делінген хабарламада.

Аталған салада жүйелі проблемаларды анықтау мақсатында өткен жылдың соңында Қаржы министрлігі және жергілікті атқарушы органдарда тексерулер жүргізілді.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларын екіұшты қолдану, ішкі мемлекеттік аудит органдарының актілеріне қарсылықтарды ұзақ қарау және басқа да заңбұзушылықтар фактілері анықталды.

Қорытынды бойынша Үкіметке ұсыныс енгізілді.

«Қадағалау актісі бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесін жақсарту, оның ішінде заңнаманы жетілдіру жолымен іс-шаралар көзделген Жол картасы әзірленді. Сонымен қатар, Бас прокуратура «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңды және оған қатысты заңға тәуелді актілерді әзірлеуге қатысады. Мемлекеттік қаражатты жұмсаудың заңдылығын қамтамасыз ету саласындағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда», – делінген хабарламада.

Exit mobile version