Ақмола облысы Қорғалжын аудандық сотының үкімімен Ахмет мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 3 жылға айырылды.
Сот үкімі бойынша Ахмет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы бола тұрып, Жұмыспен қамту орталығымен жұмыссыздардың біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау курстарынан тегін өтуге мемлекеттік қолдау көрсету туралы келісім-шартқа отырған.
Келісім-шарт шеңберінде 02.07.2014 ж. бастап 31.12.2014 ж. дейін Нұркенова тағылымдамадан өтуге жіберілді, ол кейіннен Ахметке университетке түскені және жұмыс істемейтіні туралы хабардар еткен.
Ауданның мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің үздіксіз жұмыс істеуі үшін Ахмет онымен келісім-шартты бұзбай, қосымша келісім негізінде оның орнына Жұматаеваны қабылдады. Нұркеновадан (қыркүйек, қазан және қараша айларында) 100 008 теңге көлемінде ақша алған, бірақ іс жүзінде Жұматаева қабылданған.
Сот Ахметтің аталған әрекеттерін Қылмыстық кодекстің 307-бабының 2-бөлігі бойынша (1997 ж. редакциясы) 100 008 теңге сомасына материалдық залал түрінде мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан басқа адамдар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану ретінде сараланған.
Сонымен қатар қылмыстың осы құрамының міндетті белгісі ретінде нақты салдардың болуы қарастырылған. Ахметке 100 008 теңге көлемінде материалдық шығын келтіргені үшін айып тағылды.
Алайда аталған соманы елеулі залал ретінде тануға болмайды, өйткені жұмыссыз Жұматаева жұмысқа орналасып, шартқа сәйкес жұмыстың барлық қажетті жұмыс көлемін іс жүзінде орындағаны ол үшін жұмыс істеген уақытына еңбекақы алғаны анықталды.
Осы мән-жайлардың негізінде, Бас Прокурормен наразылық енгізіліп, Жоғарғы Соттың қаулысымен Ахмет ақталып, оңалту құқығы түсіндірілді.
Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда.