arasha.kz

Басқарма басшысы әкімшілік жауапқа тартылды

Маңғыстауда басқарма басшысы прокурордың талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Прокуратурамен микроқаржы ұйымдарының қызметінде заңдылықтың жай-күйін талдау шеңберінде, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Ақтау қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасына қажетті мәліметтерді ұсыну туралы ресми түрде талап жіберілді.

«Прокуратура туралы» Конституциялық заңмен белгіленген мерзімдерге қарамастан, Өңірлік өкілдер басқармасымен прокуратураның талабы орындалмай, белгіленген мерзімде ақпарат ұсынылмады.

Нәтижесінде, Басқарма басшысына қатысты ӘҚБтК 665-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сот лауазымды тұлғаны құқық бұзушылық үшін кінәлі деп танып, 50 АЕК көлемінде айыппұл салды.

Прокуратура, прокурордың талаптары мен сұрау салулары жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік органдардың, мекемелердің, меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының орындауы үшін міндетті екенін атап өтеді.

Exit mobile version