Қазіргі заманда бейбітшілік пен сот төрелігі қоғамның тұрақты дамуы мен өркендеуінің ажырамас бөлігі болып табылады. Әділеттілік пен ынтымақтастық салтанат құрған жерде ғана адамдардың құқықтары мен еркіндіктері қорғалып, бейбіт өмір қамтамасыз етіледі. Бейбітшілік – адамзат тарихындағы ең қымбат құндылықтардың бірі.
Қаншама ғасырлар бойы соғыс пен қақтығыстардан зардап шеккен халықтар бейбіт өмір сүрудің маңыздылығын түсінді. Әлемдегі тұрақтылық пен татулықты сақтау үшін мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық, келіссөздер жүргізу және халықаралық ұйымдардың рөлі ерекше. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 16-мақсаты – «Бейбітшілік, әділеттілік және мықты институттар» деп аталады. Бұл мақсат әрбір елде әділеттілік пен заң үстемдігін орнатуға, сыбайлас жемқорлықты жоюға және адам құқықтарын қорғауға бағытталған.
Сот төрелігі – қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз ететін негізгі құрал. Әр адамның заң алдындағы теңдігін сақтау, құқықтарын қорғау және әділ шешім шығару сот жүйесінің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы кез келген келеңсіздікті сот төрелігі арқылы шешу – бейбітшілікті сақтаудың ең тиімді жолы.
Әділ сот жүйесі болмаса:
- Қоғамда құқықтық нигилизм (заңды елемеу) белең алады.
- Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылуы мүмкін.
- Әлеуметтік қақтығыстар мен тұрақсыздық туындайды. Бейбітшілік пен сот төрелігі өзара тығыз байланысты. Әділетті қоғамда әлеуметтік әділдік орнайды, адамдар өз құқықтарының қорғалатынына сенеді, ал бұл тұрақтылық пен ынтымаққа жол ашады. Қазақстан бейбітшілік пен сот төрелігі саласында халықаралық аренада белсенділік танытып келеді. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі сияқты бастамалар жаһандық деңгейде бейбітшілік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған.
Сонымен қатар, елімізде құқықтық реформалар арқылы сот жүйесінің ашықтығы мен әділдігін арттыру жұмыстары жүргізілуде.
«Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы аясында сот жүйесін цифрландыру, судьялардың кәсіби деңгейін арттыру және халықтың сотқа қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында ілгерілеу байқалуда. Бейбітшілік пен сот төрелігі – қоғамның рухани және әлеуметтік іргетасы. Бұл құндылықтарды нығайту арқылы адамзат әділ әрі тұрақты әлем құра алады. Әрқайсымыз бейбітшілік пен әділеттілік жолында өз үлесімізді қосып, қоғамда түсіністік пен татулықты нығайтуға атсалысуымыз қажет. Сот әділдігі арқылы заң бұзушылыққа қарсы күрес жүргізіледі, құқық бұзушыларға тиісті жаза беріледі және жәбірленушілерге заңдық көмек көрсетіледі. Бұл құқықтық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Сот төрелігі – қоғамдағы әділеттілік пен тәртіптің негізі. Әділетті сот жүйесі азаматтардың заң алдындағы теңдігін, құқықтарын және бостандықтарын қорғап, қоғамның тұрақты дамуына ықпал етеді. Құқықтық мемлекет құру жолында сот төрелігінің әділдігі мен тәуелсіздігі басты орынға ие. Әрбір азаматтың құқықтары мен мүдделері сот төрелігі арқылы қорғалуы тиіс, бұл – қоғамның сеніміне ие, әділ және құқықтық мәдениетке негізделген мемлекеттің маңызды белгісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті өз тарапымыздан жоғарыда аталған мақсаттарға жету жолында үлесімізді қосудамыз. Оқытушылар құрамы студенттермен дөңгелек үстел,акциялар, пікірсайыс т.б өткізуде.Болашақ заң саласының мамандарына қара қақ жарған әділ болуға шақырамын.
Токтыбеков Т.А.
Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы
Лю Ч
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының білім алушысы
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024