20-09-24 |
7740 рет қаралған
Бес жыл бойы алимент төлемеген адам сотталды.
Бес жыл бойы алимент төлемеген адам сотталды

Жетісу облысында алиментті қасақана төлемей жүрген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Алакөл ауданының тұрғыны 5 жыл бойы балаларына алимент төлеуден жалтарған. Бұл туралы облыстық прокуратурадан мәлім етті.

Ер адамның бес жылда алимент бойынша 2,6 млн теңге көлемінде қарызы жиналған.

«Аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуге бастамашылық жасап (балаларды асырауға қаражат төлеу бойынша міндеттерін орындамау), ол сотқа жіберілді. Сот үкімімен борышкерге пробациялық бақылау белгілене отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді», – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері прокуратура шараларымен алимент төлемеген 206 адам әкімшілік жауапкершілікке, 6 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жетісу облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғауға бағытталған түбегейлі шара қабылдауды жалғастырады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.