Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 5 маусымда Қазақстан білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиеваны екі айға қамау туралы сот шешім шығарды. Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі сілтеме жасап, Азаттық жазады.
Суханбердиева қазір Нұр-Сұлтандағы ЕЦ-166/1 изоляторында қамауда отыр.
5 маусымда жергілікті ақпарат агенттіктері жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиеваға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлаған. Шенеунікке нақты қандай айып тағылып отырғаны әзірге белгісіз.
Мемлекеттік баспасөздің жазуынша, Эльмира Суханбердиева 2016 жылдың сәуірі мен 2017 жылдың тамызы аралығында білім және ғылым министрінің орынбасары болып қызмет атқарған. 2017 жылғы тамыз айында «Болашақ» стипендиясының иегері атанған. Беркли университетінен шақыру қағазы болған. 2018 жылдың қыркүйек айында білім және ғылым министрінің орынбасары қызметіне қайта оралған.
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024
-
18.11.2024