Кеше, 27 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер соты өтті. Бишімбаев тағы да өз кінәсін мойындамады. Тағылған айыптармен келіспейтінін айтып, өзін кінәсіз деп санайтынын бірнеше рет қайталады.
«Прокурордың оқып шыққанының бәрі ойдан шығарылған, мұның бәрі расталмаған, дәлелденбеген. 110-бап бойынша қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалған емес, мен кінәны мойындамаймын» деді.
Қаншама дәлел, видео ұсынылса да Бишімбаев кінәсін мойындамаймын дейді. Прокурордың айыптауын оқысаңыз аза бойыңыз қаза болады.
Онда Бишімбаев пен Нүкенованың танысқан күндерінен бастап, Нүкенованың өліміне себеп болған оқиғаға дейінгі жайттар баяндалды.
Бишімбаев азаматтық неке кезінде Нүкеноваға зорлық-зомбылық көрсеткен, негізсіз қызғаныштың кесірінен ұрып-соққан, аңдыған, жақындарымен араластырмаған. Аз ғана уақыт ішінде Салтанатқа үзбей зорлық-зомбылық көрсеткен.
Мысалы, 2023 жылдың наурызында қызғаныштан оны ұрып-соғады, ал сол жылдың сәуірінде оны бопсалау мақсатында интимді сипаттағы видео түсіреді. Тамызда Бишімбаевтың қорлығына шыдамаған Нүкенова ата-анасына қайтып барады, алайда Қуандық өлердегі сөзін айтып, сендіріп, Салтанатты қайта алып келеді. Оның соңы немен біткені барша жұртқа аян.
Айыптау актісінде 8-9 қарашадағы оқиға ашық айтылды. Бишімбаевтың Салтанатқа қол көтергені, аяқ киімімен жанды жерлерінен тепкені, Салтанаттың денесіндегі жаралары мен зақымданған органдары жайлы тыңдау сотқа қатысып отырған Нүкеновтерге де ауыр соққаны анық.
Бұл сотта Бишімбаевтан бөлек ҚР ҚК 432- бабы бойынша аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін туысқаны Байжанов та жауап беруде. Ол Бишімбаевтың бұйрығымен видеожазбалпрды өшіргенін, Салтанаттың телефонын алып кеткенін мойындап, ол кезде Нүкенованың өлім үстінде жатқанынан немесе қаза болғанын хабардар болмағанын айтты. Сондықтан өзінің кінәлі немесе кінәсіз екенін айта алмайтынын жеткізді.
-
24.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024
-
22.11.2024