Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталатын күн белгіленді.
Сот кеңсесінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, алдын ала тыңдау 11 наурызда басталады.
Еске салсақ, 2023 жылы 9 қараша күні кешке әлеуметтік желілерде экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтіргені туралы хабарлама тараған болатын.