22-05-24 |
10730 рет қаралған
Бишімбаевтар отбасының активі тексеріле ме? Агенттік жауап берді.
Бишімбаевтар отбасының активі тексеріле ме? Агенттік жауап берді

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Бишімбаевтар отбасының мүлкін тексеру мүмкіндігі туралы айтты. Естеріңізге сала кетейік, бұл туралы марқұм Салтанат Нүкенованың отбасы сұраған болатын.

«Бүгінде бізде тіркелген қылмыстық істер жоқ, бірақ біз заңсыз жолмен алынған қылмыстық кірістерге қатысты жаһандық тексерулерді тұрақты түрде жүргіземіз және егер бір жерде кейбір заңсыз кірістердің қылмыстық жолмен алынғаны және заңдастырылғаны анықталса, біз міндетті түрде тексеріс жүргіземіз. Және оларды міндетті түрде жауапқа тартамыз», – деді ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжілістің кулуарында.

Ол сондай-ақ тиісті өтініштің нәтижесін күтуге шақырды.

«Сонымен бірге біз бұл мәселені (Бишімбаевтар отбасының мүлкінің заңдылығын тексеру) зерттейміз және бұған міндетті түрде назар аударамыз», – деп түйіндеді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.