21-06-24 |
25800 рет қаралған
 Бишімбаевты түрмеден шығарып берем деп 100 млн теңге алған әйелге қатысты тергеу жүріп жатыр.
 Бишімбаевты түрмеден шығарып берем деп 100 млн теңге алған әйелге қатысты тергеу жүріп жатыр

Елорда тұрғыны Бишимбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені жымқыру бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы антикор хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ. Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны «Г»-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қ. Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңгені иемдену бойынша күдікті», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды.

Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексерілуде.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.