arasha.kz

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оның қандай адам екенін айтты

Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен үстінен сот ісі жүріп жатқан бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман оны сотта жалған куәлік берді деп айыптады.

«Ол үнемі балаларды айта береді. Мен Салтанатқа жазды деп неге мен туралы айтың?! Ондай болған жоқ», – деп түсіндірді Қаһарман Бишімбаевтың соттағы сөзін «строисінде».

Ол Нүкенованың анасының сотталушының шебер манипулятор деген сөзіне де түсініктеме берді.

«Мен келісемін, ол манипуляцияның шедеврі»- деп жазды Бишімбаевтың бұрынғы әйелі.

Сонымен қатар, Қаһарман Direct-те бұрынғы күйеуінің туысы болуы мүмкін әлдебір mknurlybekova-дан алған хабарламаның скриншотын қоса берді: «…қаншама қалаған ақшаңды бермеді, соған жынданып қалдың ғой, солай ма?», – делінген онда.

«Сөзіңе ие бол. Ол адам өлтірді. Егер ақша қаласам ары қарай үнсіз жетесіздермен араласып жүрер едім. Онымен сен емес, 14 жыл бірге тұрған менмін», – деп жауап берді Қаһарман.

Сонымен бірге ол марқұм Салтанатпен хат алмасқан жазбаларының скриншоттарын ұсынды. Солардың бірінде Нүкенова экс-министрдің бұрынғы әйеліне балаларының жақсы қарым-қатынаста болғаны үшін алғысын білдіріп, Қаһарманмен достық қарым-қатынаста болғысы келетінін айтады, бұл үшін де ризашылық білдірді. Сондай-ақ Бишімбаевтың қызы Нүкенованың өліміне әлі сенбейтіні белгілі болды.

Exit mobile version