09-04-24 |
7800 рет қаралған
Блогер прокурорды шыр айналдыра қуды.
Блогер прокурорды шыр айналдыра қуды

Әлеуметтік желіде блогердің прокурорды шыр айналдыра қуған видеосы тарады.

Белгілі болғандай видео Қонаев қаласының прокуратурасының алдында түсірілген. Блогерлер прокуратураның алдына шығып шылым шегіп, айналасын ластап тұрған проурорларды сынға алып, жандарына барып ескерту жасайды. Алайда прокурорлар оларға жауап берместен беттерін жасырып, бірі ғимаратқа, бірі көшені бойлап қаша жөнеледі.

Аталған жайтқа қатысты Алматы облысының прокуротурасы тексеріс жұмыстарнын бастағандарын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта бейнероликке қатысы бар адамдардың барлығы анықталып, этикалық және басқа да заң бұзушылықтар тексеріліп, сараптама жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша прокурорлар мен басқа да тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі. Тұрғындардан мерзімінен бұрын үкім шығарудан бас тартып, тексеру нәтижесін күтуді сұраймыз», – делінген прокуратура таратқан мәліметте.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.