04-12-24 |
760 рет қаралған
Борышкер алимент төлемегені үшін қамауға алынды.
Борышкер алимент төлемегені үшін қамауға алынды

Борышкер 2021 жылдың 29 сәуірінен бастап алимент төлемеген, салдарынан 1 178 558 теңге көлеміндегі қарызы жиналған. Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.

2024 жылғы 15 қарашада Батыс Қазақстан облысы Байтерек ауданының соты алимент бойынша қасақана төлемей жүрген борышкерді Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 669-бабына сәйкес (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) кінәлі деп тану және 5 күнге қамауға алу туралы шешім шығарды.

«Жалпы, биылғы жылы облыс прокуратурасының «Алимент бойынша 10 қадам» жобасын жүзеге асыру және қабылданған шаралардың нәтижесінде облыс бойынша алимент борышы 2,4 миллиардтан 1,4 миллиард теңгеге дейін азайған.  487 миллион теңге сомасындағы алименттік қарыздар өтелді. Уәкілетті органдар арасында өзара тиісті әрекеттесуге қол жеткізілді. 451 борышкер жұмыспен қамтылды, 598 борышкер жұмыспен қамту органдарында тіркелді», – делінген хабарламада.

Борышкерлердің 5 жылжымайтын мүліктегі үлестері (3 пәтер, жер учаскесі, тұрғын үйдегі үлестері) сатылды, сонымен қатар 75,5 миллион теңге көлеміндегі қарыз есебіне өндіріп алушыларға берілді.

Борышкерлерді бәс тігушілер ретінде тіркеудің 7 фактісі анықталған.

Олар бойынша алимент төлеу міндетінен жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес қылмыстық істер тіркелді (Балаларды асырау үшін қаражат төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау, мүгедек ата-ананы, мүгедек жұбайын асырауға қаражат төлеуден жалтару).

114,2 миллион теңге көлемінде ломбардтарда зергерлік бұйымдарды сатумен айналысқан 281 борышкер анықталды.

165 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабына сәйкес 37 қасақана борышкерлерге қатысты 37 материал тіркелген.

Оның ішінде 4 іс бойынша үкім шығарылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.