arasha.kz

БҚО-да алаяқтар «ғажайып көрпені» 300 мың теңге ақшаға сатқан

Алаяқтар егде жастағы  әйелдің сеніміне кіріп, түрлі ауруға ем болады деген сылтаумен «ғажайып көрпені» 300 мың теңге ақшаға бағалап, сатады. Содан әйел алдаушыларға 140 мың теңге ақшасы мен алтын әшекейлерін ұстатады.

Алайда бір нәрседен күдіктенген әйел дереу полиция қызметіне хабарласады. Полицейлер кезекші тәулік ішінде оқиға ізін суытпай  Ақтөбе облысының аумағында жүрген алаяқты ұстайды.

Жәбірленушіге ақша мен алтын әшекейлер қайтарылды. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Exit mobile version