17-12-24 |
2130 рет қаралған
БҚО-да есірткіні өткізу арналарына тосқауыл қойылды.
БҚО-да есірткіні өткізу арналарына тосқауыл қойылды

29 қазанда Батыс Қазақстан облысының прокуратурасымен есірткіге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңдылықты, құқықтықтәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың басшыларына нақты нұсқаулар берілді, олар бүгіннің өзінде оң нәтиже көрсетуде.

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен 1 желтоқсанда Алматы облысында орналасқан есірткі зертханасы анықталды.

Есірткі заттары мен оларды өндіруге арналған құрал-жабдықтар тәркіленді.

23 қарашада Қостанай облысынан есірткі сатуға келген тұлғалар ұсталды.

Ақтөбе облысынан сауда арнасы тоқтатылды. 

Үйлестіру кеңесінен кейін барлығы 50-ден астам сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, 4 фитолаборатория анықталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.