Біз
әлеуметтік
желіде
30-06-25 |
370 рет қаралған
Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Қазақстанның бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Бегайдаров хабарлады. Сонымен қатар сот оның мүлкін тәркілеуге шешім шығарды.

«Бұрынғы әділет министрі Бекетаевқа қатысты қылмыстық іс алаяқтық, аса ірі көлемде ұрлық жасау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша тергелді. Тергеу құпия белгісімен жүргізілгендіктен, істің материалдары мен қылмыстың мән-жайлары, өкінішке қарай, жария етілмейді», – деді Бегайдаров агенттікте өткен брифингте.

Іс бойынша мемлекетке келтірілген залал көлемі 1 миллиард теңгеден асты.

Бекетаев 2023 жылдың қазан айында Қазақстаннан қашып кетпек болғанда ұсталған. Ол 2016 жылдан 2022 жылға дейін Әділет министрлігін басқарған. 2022 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін Премьер-министрдің кеңесшісі қызметін атқарған. 2025 жылдың наурызында бұл іске құпиялылық мәртебесі берілген.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.