Біз
әлеуметтік
желіде
05-07-25 |
340 рет қаралған
Бүйрегін сатпақ болған азамат сотталмайтын болды.
Бүйрегін сатпақ болған азамат сотталмайтын болды

Ақтөбеде бүйрегін сатпақ болған азамат рақымшылық туралы заңның арқасында сотталмай қалды.

«Соттың қаулысына сәйкес, сотталушы «А» ҚР ҚК 78-бабының 1-бөлігі және ҚР Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық туралы 2025 жылғы 23 маусымдағы заңның 2-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Қылмыстық іс ҚР ҚПК 35-бабының 1-бөлігінің 3) тармағына сәйкес тоқтатылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ», – деп хабарлады жұма күні Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі және 116-бабының 1-бөлігі (тірі адамның мүшелері мен тіндеріне қатысты заңсыз мәміле жасауға оқталу) бойынша қаралды.

«2025 жылдың сәуірінде сотталушы «А» әлеуметтік желіге бүйрегін сату туралы хабарландыру жариялаған. Бұл хабарландыруға Ақтөбе қаласының тұрғыны жауап берген. Сотталушы бүйрегін 20 млн теңгеге бағалап, медициналық тексерістен өту үшін Ақтөбеге келіскен. Қажетті медициналық тексерулерден кейін сотталушы куәгерден 7,5 млн теңге алған сәтінде ұсталды», – деп нақтылады сотта.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.