Ағымдағы жылдың қазан айында Түркістан облысының Терроризмге қарсы комиссия аппаратының жанындағы жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.
Жұмыс тобының отырысын Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі – Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі тобының басшысы Қ. Өсербаев ашып, оған облыстық ТҚК аппараты жанындағы жұмыс тобының мүшелері (Дін істері басқармасы, Қоғамдық даму басқармасы, Полиция департаменті, Білім басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы, Кірістер департаменті) мен тиісті құзырлы органдар және облыстың бас имамы қатысты.
Отырыс барысында шет елге діни оқу орындарына оқуға кетуге бейім жастар, саяси экстремизмнің алдын алу шаралары, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ жиынға қатысушылардың ой-пікірлері назарға алынып, жұмыс тобының мүшелеріне діни экстремизм мен терроризмді алдын алу ісінде оңтайлы шешімдер мен жүйелі шараларды үйлестіру қажеттілігі жөнінде тиісті нұсқаулар берілді.
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024
-
21.11.2024