arasha.kz

Дәрігерлер ісі: Асқар Тұңғышбаев босатылды

Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Алматы қаласы Алатау ауданы прокурорының орынбасары болып қызмет істеген Нұрсұлтан Күдебаевтың қазасынан соң тұтқындалған екі дәрігердің бірі – анестезиолог Асқар Тұңғышбаев ешқайда кетпеу туралы қолхатпен тергеу изоляторынан босатылды. Бұл туралы ұлттық медицина ассоциациясының президенті Айжан Садықова хабарлады деп жазады tengrinews.kz. Дәрігердің босатылғанын қалалық сотта растады. Асқар Тұңғышбаев 2 қыркүйектен бері қамауда отырған екен.

Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Алматы қаласы Алатау ауданы прокурорының орынбасары болып қызмет істеген Нұрсұлтан Күдебаевтың қазасынан соң №4 қалалық ауруханының бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаев қамауға алынған. Оларға әріптестері – дәрігерлер араша түсіп, үндеу жариялады. Сондай-ақ Қанат Тезекбаевтың жары Дина Тезекбаева да президент Қ.Тоқаевқа хат жазған. Кеше президент дәрігерлер ісіне араласып, істі бақылауға алуға тапсырған еді. Іле шала Қанат Тезекбаев босатылды. Ал бүгін Асқар Тұңғышбаев та босап шықты. Екеуі де ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

 

 

Exit mobile version