01-10-19 |
1960 рет қаралған
Дәрігерлердің тұтқындалуына Серік Күдебаевтың қатысы жоқ – министр.
Дәрігерлердің тұтқындалуына Серік Күдебаевтың қатысы жоқ – министр

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы қаласындағы №4 қалалық аурухананың бас дәрігер Қанат Тезекбаев пен осы аурухананың тағы бір дәрігері Асқар Тұңғышбаевтың тұтқындалуына Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың қатысы жоқ деп мәлімдеді.

«Біріншіден, ішкі істер министрлігі және Серік Күдебаевтың ұлы жұмыс істеген прокуратура тергеу жүргізген жоқ. Тергеуді үшінші құрылым – экономикалық тергеу қызметі жүргізді.  министрлік пен прокуратура тарапынан ешқандай қысым болған жоқ.  Шешімді экономикалық тергеу қызметі қабылдаған.  Ал тұтқындауға санкцияны тек сот қана береді. Іске мүдделі қызметкерлер, басқа құрылымдарда туыстық байланыс болған кезде іс үнемі үшінші тарапқа беріледі. Бұл жерде үшінші тарап – экономикалық тергеу қызметі. Прокуратура шешім қабылдады» депті министр.

Өткен аптада Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаевтың қазасынан соң жоғарыда аты аталған екі дәрігердің қамауға алынғаны мәлім болған. Дәрігерлер әріптестеріне араша түсіп, үндеу жасады және Қ.Тезекбаевтың әйелі Дина Тезекбаева президент Тоқаевқа хат жазған. Іске президент араласқан соң, дәрігерлер қолхатпен босатылған еді. Бұған дейін хабарланғандай, полиция басшысының ұлы емделуге Германияға жеткізіліп, сол жақта көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, марқұмның мәйітіне сот сараптамасы жасалмаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.