22-10-24 |
3940 рет қаралған
Дәулет Түрлыхановтың ұлы 1,5 жыл түрме жазасына кесілді.
Дәулет Түрлыхановтың ұлы 1,5 жыл түрме жазасына кесілді

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 1,5 жылға нақты режимдегі колонияда жазасын өтеуге ауыстырылды. Бұл туралы Алматы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласы Медеу ауданының No2 аудандық соты пробация қызметінің Нұрасыл Болатқа қатысты жаза – бас бостандығын шектеуді одан айырумен ауыстыру туралы ұсынысын қарады.

«Сот пробация қызметінің өтінішін негіз деп танып, қанағаттандырды. Нұрасыл Болатқа бас бостандығын шектеу жазасы өтелмеген 1 жыл 5 ай 10 тәулікке бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды», – делінген хабарламада.

Болаттың үш рет пробациялық бақылауды бұзуға жол бергені көрсетілген, ол сотпен зерттелген дәлелдемелермен расталған. Осылайша, Болат жазасын өтеу тәртібі мен шарттарын бұзған.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрасыл Болат мамыр айының ортасында екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген болатын. Талапқа сәйкес, ол шетелге шығуға, клубтар мен барларға баруға, алкогольдік ішімдіктерді ішуге, пробациялық бақылау қызметіне хабарлауға және сағат 23.00-ден кейін үйден шықпауға тиіс.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.