Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты апелляциялық сот отырысы 13 наурызға белгіленді деп хабарлады Алматы қалалық сотына сілтеме жасаған жергілікті ақпарат агенттіктері.
Сотқа апелляциялық шағымды Денис Теннің анасы және сотталушылар Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов түсірген.
Жәбірленуші тарап түсірген шағымда тергеу амалдарының жан-жақты әрі толымды жүргізілмегені, үкімде жазылған жайттармен жәбірленуші тараптың келіспейтіні жазылған. Шағым иелері оқиғаның мән-жайын ашуға көмектесетін маңызды айғақтарды, атап айтқанда «сотталушылар қылмысты тапсырыспен жасады» деген болжамға қатысты фактілерді соттың ескерусіз қалдырғанын жазған. Жәбірленуші тарап үкімді қатайтқанын қалайды. Ал айыпталушы жақтың сотқа қандай шағым түсіргені әзірге белгісіз.
17 қаңтарда Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты спортшы Денис Теннің өліміне байланысты айыпталған Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясовты – 18 жылға, Жанар Толыбаеваны 4 жылға бас бостандығынан айырған.
Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергеновке Қылмыстық кодекстің «қарақшылық» және «адам өлтіру» баптары бойынша айып тағылған. Ал Жанар Толыбаева «қылмысты хабарламау» айыбы бойынша күдікке ілінген. Бұдан бөлек, айыптау актісінде Құдайбергеновтің «бірнеше рет ұрлық жасағаны», ал Толыбаеваның «өзара келісіп ұрлық жасағаны» айтылады.
Сот екі айыпталушының кінәлары толық дәлелденгенін, ал Жанар Толыбаеваның «қылмысты хабарламау» бабы бойынша ғана кінәсі дәлелденгенін жеткізген еді.
Оқи отырыңыз: Тен өліміне «кінәлі» деп танылғандардың алды 18 жылға сотталды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен былтыр 19 шілдеде Алматыда ауруханада қайтыс болған. Көшеде тұрған автокөлігінің айнасын ұрлаған адамдарды тоқтатпақ болған спортшыны әлдекімдер пышақтап кеткен.
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024
-
23.12.2024