03-03-24 |
11390 рет қаралған
Депутат жемқорлық күдігімен ұсталды.
Депутат жемқорлық күдігімен ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысында депутат жемқорлық күдігімен ұсталды. Ол Петропавл әкімдігіне қарасты «Тазартқыш, су тартқыш және су өткізгіш ғимараттар» КМК басқарып келген.

Тараған дерекке қарағанда, коммуналдық кәсіпорынның орынбасары әрі директоры Павел Булаевтың ұсталғанын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет растаған.

Олар бұл іс оның негізгі қызметіне қатысты екенін атап өтті.

«Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп делінген хабарламада.

Павел Булаев бір жыл бұрын облыстық мәслихаттың депутаты болған. Ол бір мандатты №13 аумақтық сайлау округі бойынша «Ақ жол» партиясынан сайланған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.