22-07-24 |
11860 рет қаралған
Дерматология ғылыми орталығының басшысы пара алу барысында ұсталды.
Дерматология ғылыми орталығының басшысы пара алу барысында ұсталды

Алматыдағы Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы антикор хабарлады.

«Олар медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасқаны үшін халықаралық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының басшысынан 5 млн теңге сомасында пара алу бойынша күдікке ілінді. Соттың санкциясымен Орталықтың басшысы қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Тергеу жалғасуда. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.