23-03-19 |
6230 рет қаралған
Әділет министрі: Астананың Нұр-Cұлтан аталуы қолданыстағы заңдарға қатаң сәйкестікте жүргізілді.
Әділет министрі: Астананың Нұр-Cұлтан аталуы қолданыстағы заңдарға қатаң сәйкестікте жүргізілді

Астана қаласы атауының Нұр-Сұлтан болып қайта аталуы қолданыстағы заңдарға қатаң сәйкестікте жүргізілді деп мәлімдеді әділет министрі Марат Бекетаев.

» Әділет министрлігі Конституцияның 91-бабында көзделгендей, астананы қайта атау үшін референдум өткізу туралы мәселені Президенттің қарауына енгізу үшін Жарлық жобасын әзірледі. Бұл ұсынысты Үкімет қаулы түрінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа жіберді. Заң бойынша, мұндай жағдайда Президент не оның өкілеттігін өзіне қабылдаған тұлға үш шешімнің бірін қабылдауы тиіс:
1) мәселені Парламенттің қарауына беруге,
2) сұрақты республикалық референдумға шығаруға,
3) Конституцияға түзетулер енгізу туралы ұсынысты қабылдамауға.
Президент бірінші жолды таңдап, мәселені Парламенттің қарауына берді. Жоғары заң шығарушы орган өз кезегінде палаталардың бірлескен отырысында Конституцияға түзетулер енгізу туралы заң қабылдады. Айта кету керек, Парламент оны Конституцияның 91-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкестігі туралы Конституциялық Кеңестің оң қорытындысы болған жағдайда қабылдай алады.
Бұдан әрі заң Парламент палаталары спикерлерінің және Премьер-Министрдің қолдарымен бекітіледі және Президентке қол қоюға жіберіледі. Қол қойылған сәттен бастап Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң күшіне енді» деген Марат Бекетаев 23-наурызда әділет министрлігі таратқан арнайы мәлімдемеде.

Сондай-ақ, министр «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңға сәйкес Астананы қайта атау үшін қажетті жұмыс жүргізілгенін, соның нәтижесінде Президент астананы қайта атау туралы Жарлыққа қол қойғанын атап өтті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.