Мониторинг «Дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру» жобасының аясында жүргізілді.
Жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржысына «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ 2021 жылдың 1 наурызынан 17 өңірде жүзеге асыруда.
Жалпы, жоба тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және Қазақстандағы жағдайды жақсарту бойынша кешенді шаралар қабылдауға бағытталған.
Мұнда ең бірінші кезекте дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру кіреді. Жобаның міндеті – дағдарыс орталықтары мен баспаналар туралы, оларға қалай баруға болатыны және қандай көмек алуға болатыны туралы барлық ақпаратты жинақтау. Осы ақпаратты Қазақстанның әрбір қызы мен әйеліне жеткізу.
Дағдарыс орталықтарының мониторингіне олардың жұмысын бағалау индикаторларын жасақтаған, жұмыстың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау үшін тәуелсіз талдау жүргізген тәуелсіз сарапшылар тартылды. Пайдаланылған инновациялар ішінде – дағдарыс орталықтарына арналған кейс-менеджмент технологиясының тәжірибесін тарату. Аталған жұмыс барлық 17 өңірде бір уақытта жүргізілді.
Жоба аясында Қазақстанның өңірлерінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру бойынша 1-ші Республикалық жобалық кеңсе құрылды:
- Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша инспекторлар, кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі инспекторлар, учаскелік инспекторлар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарының, баспаналардың заңгерлері мен психологтарына арналған онлайн тренингтер (қазақ және орыс тілдерінде) өткізілді. Тренингтерге 400-ден астам адам қатысты.
- Дағдарыс орталықтарының қызметкерлері үшін онлайн вебинарлар өткізілді;
- Қазіргі уақытта өңірлерде агрессорлардың қолынан зардап шеккендермен психологиялық жұмыстар жүргізілуде – барлығы 500-ден астам әйел мен олардың балалары көмек алады;
- 2021 жылдың қазан айынан агрессорлармен жоспарлы жұмыс басталды. Олардың қорытындысы бойынша жоба сарапшылары агрессорлармен жұмыс және әрекет ету алгоритмі бойынша нұсқау әзірледі. Аталған нұсқау барлық өңірлерге жіберіледі және әлеуметтік желілерде таратылады;
- Әлеуметтік желілерде, облыстық және республикалық телеарналарда орналастыру үшін 4 әлеуметтік бейне-ролик шығарылды, оның ішінде бейне-роликке қазақстандық актриса Айнұр Ілиясова да қатысты.
Ең бастысы – біздің жұмысымыздың ақпараттық қамтуы миллионнан астам адамды құрайды!
Біз диалогқа ашықпыз, бізде «ARASHA» баспанасының отбасы тақырыбы, әйелдер мен балалардың тарихы бойынша қызықты зерттеулер бар.