arasha.kz

Екібастұзда кәсіпкерлерден салық заңсыз алынып келген

Екібастұз қаласының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға берудің заңдылығына талдау жүргізгендерін мәлімдеді.

Үлгілік ережелерге сәйкес (ҚР ҰЭМ 16.01.15ж. №17 бұйрығымен бекітілген) мемлекеттік органдар теңгеріміндегі мүлікті сенімгерлік басқаруға тапсырған кезде, шаруашылық жүргізуші субъектіні (сенімгерді) мүлік салығынан босатады.

Алайда, Экономика және қаржы бөлімі келісім-шарттар жасау кезінде бизнес қауымдастығын мүлік салығын төлеуге заңсыз міндеттеген.

Қадағалау актісі бойынша 6 кәсіпкер мұндай міндеттемелерден босатылып, оларға 4,4 млн теңге төлем қайтарылған.

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.

Exit mobile version