09-07-21 |
2020 рет қаралған
Елімізде алты айда қанша судья, әкім, вице-министр масқара болды.
Елімізде алты айда қанша судья, әкім, вице-министр масқара болды

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмысы азайып жатыр. Бұл туралы бүгін өтіп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Марат Ахметжанов айтып берді.

Оның айтуынша, статистика сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тіркеудің 35%-ке, 1540-тан 1005-ке дейін төмендегенін көрсетеді.

«Ағымдағы жылдың 6 айында 658 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың 61-і республикалық және облыстық деңгейдегі басшы және вице-министр, 3 судья. 7 өңірлік әкім мен олардың орынбасарлары әшкереленді», – деді Ахметжанов.

Сондай-ақ агенттік төрағасы келтірілген залалдың өтелгені туралы айтты. Осылайша қазіргі кезде белгіленген залалдың 15 млрд. теңгесі өтелді.

Сондай-ақ оның айтуынша, бизнес істеріне заңсыз араласудың 60 жағдайы, көлеңкелі экономика субъектілеріне қамқорлық жасаудың 45 фактісі, жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 61 фактісі анықталды.

Марат Ахметжановтың айтуынша биыл тәртіп бұзғаны үшін сыбайлас жемқорлық саласынан 32 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 3 қызметкер теріс себептермен жұмыстан шығарылды.

Бір апта бұрын Атырау облысында агенттік департаментінің қызметкері ұсталды.

«Жыл басынан бері парақорлар мен пара берушілер үшін қылмыстық заң барынша қатаңдатылды. Қылмыстың бұл түрі үшін санкция 15 жылға дейін белгіленді. Одан көбірегі тек зорлау мен өлім ісі бойынша қарастырылған», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ ол құқық қорғау органдары қызметкерлері мен судьялар үшін жауапкершілікті күшейту туралы айтты. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салынды, ауыр және аса ауыр құрамдар бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану мүмкіндігі алынып тасталды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.