arasha.kz

Елімізде тағы бір шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық іс шұғыл түрде сотқа жіберілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ төрағасының орынбасарына қатысты қылмыстық іс шұғыл түрде сотқа жіберілді. Аталған компания Қазақстандағы жалғыз тұрғын үй операторы болып саналады және ол «Бәйтерек» холдингінің құрамына кіреді. Ол заңды тұлға құрылтайшысынан жалпы мүлікті басқару қызметін ұйымдастыру (жылу және электр қуатымен қамтамасыз қамтамасыз ету) туралы актіге қол қойып, 2,4 млн теңге пара алғаны үшін күдікке ілінді», – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Exit mobile version