
Қазақстанда жыл басынан бері құны 1 млн теңгенің жалған ақшасы тәркіленді. Қаржыгерлер құнды қағаздың жалған түрі көп қолданыста жүргенін айтып, дабыл қақты.
Ұлттық банк алты айдың ішінде жалған ақша жасаудың 336 дерегі анықталғанын мәлімдеді. Оның ішінде 2 мың және 5 мыңдық купюра жиі кездеседі. Бұл туралы 24 kz хабарлады.
Сонымен бірге бір жылдың ішінде жалған құжат, мөр және марапаттарды жасау дерегі артқан. Финпром сайты хабарлағандай, соңғы 12 айда бұл көрсеткіш 9%-ке өскен. Яғни жалған құжат пен мөр жасаудың 1 жарым мыңға жуық жағдайы тіркеліп отыр. Мұндай құжаттар мен марапаттарды көбіне Шымкент және Алматы өңірінде жиі жасайды. Жарты жылдың ішінде 94 құқық бұзушылық анықталған.
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
25.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025
-
24.02.2025