Алаяқ сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй алуға жәрдем берем деп ұсыныс айтып, кейін ақшаны алып, ізін суытты.
Жәбірленуші ұсынысты қабылдап, алайда көптен күткен баспанасына ие бола алмады. Ол күдіктіге 1 млн 500 мың теңгеден астам сомаға алданып қалды. Кейін алданғанын түсінген елорда тұрғыны полицияға жүгінді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының көмегімен Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Қаражатты алаяқтықпен иемденіп, осылайша, материалдық шығын келтірген 35 жастағы әйел адам екені мәлім болды.
Күдікті қылмысын мойындады. Алайда жәбірленушіге ақшасы қайтарылмады, өйткені әйел қаражатты әр түрлі шоттарға жіберген.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында күдіктінің тағы да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталды. Қазіргі таңда күдікті абақтыға қамалды.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024