16-04-24 |
7270 рет қаралған
Ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін азық-түлікті жоғары бағамен алып келген.
Ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін азық-түлікті жоғары бағамен алып келген

ШҚО білім басқармасының «Оқуда ерекше күтімді қажет ететін балаларды қолдау орталығы» КММ жеке кәсіпкерден жоғары бағамен ӘМАТ сатып алуды жүзеге асырып келген. Бұл туралы қаржы мониторинг агенттігі хабарлады.

Былтыр Орталық қырыққабатты 1 кг үшін 380 теңгеге, сәбізді 325 теңгеге сатып алған.

«Жүргізілген тексеру нәтижесінде ЖК-ге уәкілетті орган ескерту түріндегі жазаны қолдана отырып, «Сауда қызметін реттеу туралы» заңнамасында анықталған құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ағымдағы жылдың басынан бастап мемлекеттік мекеме көкөніс жеткізушілермен орташа республикалық деңгейдегі бағалармен жаңа шарттар жасасты», – делінген хабарламада.

Өткен жылмен салыстырғанда сәбізді сатып алу құны 35% – ға (325 теңгеден 242 теңгеге дейін), ал қырыққабат (380 теңгеден 238 теңгеге дейін) 60% – ға төмендеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.